Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесі құрылысының жұмысшылары бір жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр

Бүкіл елден шақыртылған қонақтарды тамсандырып, әлемге Қазақстанды әйгілі етеміз деген ЭКСПО құрылысына 100 адам білек сыбана кіріскен. Бірақ басшылық бір жылдан бері ешбіріне соқыр тиын да ұстатпапты.

гулназ 10

Бұл туралы Stan.kz сайтының Қарағандыдағы тілшісі хабарлайды.

гулназ 5

Виталий Иванов «ПромГарант» фирмасында 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еліміз бойынша ірі зауыттар мен маңызды ғимараттардың бой көтерілуіне аянбай еңбек еттім дейді. Бірақ, былтырдан бері Астананың төрінде ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған құрылыс жұмыстарында аяғын сындырып алған. Ол аздай басшылығы бір жылдық еңбекақымды бермей жүр екен.

гулназ 6

«Менің несиелерім шарықтап кеткен. Коммуналдық төлемдер өз алдына қарыз. Бір жылдан бері алдаумен келеді. Әне-міне деген сөздерінен шаршадық», – дейді «ПромГарант» ЖШС жұмысшысы Виталий Иванов.

гулназ 7

Бүкіл елден шақыртылған қонақтарды тамсандырып, әлемге Қазақстанды әйгілі етеміз деген ЭКСПО құрылысына Виталийден бөлек тағы 100 адам білек сыбана кіріскен. Бірақ басшылық бір жылдан бері ешбіріне соқыр тиын да ұстатпапты. Сондықтан, прокуратура мен еңбек инспекциясына шағымданғанын айтады. Ал, мемлекеттік қызметкерлер бәрі қадағалауымызда дейді.

гулназ 3

«Қазір 28 адамнан шағым түсті. Мердігердің берешегі белгіленді. Уақытылы қайтармаған соң азаматтық сотқа арыз жаздық», – дейді Теміртау қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімінің жетекшісі Ерболат Дүсіпов.

фото гулназ 2

Ал, «ПромГарант» ЖШС-нің жұмысы әзірге тұралап тұр. ЭКСПО-2017 түсіп жатқан қаржы жоқ, қазір әлемде дағдарыс дейді. Егер, наурыз айында тапсырыс түссе, сол қаржыдан өтеуге серт берді.

гулназ 9

«ПромГарант» ЖШС директор орынбасары Александр Туркин қарыздың жартысын өтегенін, қалған 11 млн 700 мың қарызды наурыз айында төлейтіндерін айтады.

Талқылау