Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 кезінде Астанаға әлемдік деңгейдегі танымал өнер жұлдыздары шақыртылмақ

ЭКСПО қонақтары үшін Астанада әлемдік сахнада өнер көрсетіп жүрген әншілер ән шырқайды.  Ол үшін әлемнің түрлі елдерінен балет, опера  поп-әншілер танымал классикалық орындаушылар шақыртылатын болады.

11133342

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Балет жұлдыздары мен опера өнерінің майталмандары сондай-ақ, поп-орындаушылар Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы шақырылатын болады, – дейді  кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының  басшысы  Малика Бектұрова.

«Бағымызға орай ЭКСПО – 2017 ауа-райы ең қолайлы, ол кезде 25 градус жылы болатын кезде өткізілмек. Мұның өзі көрме қонақтары  мен туристерге ыңғайлы  жағдай», – дейді  Малика Бектұрова.

Алдын ала болжам бойынша, көрме өткізілетін үш айдың ішінде Астанаға 2,1 миллион қонақ келмек. Олардың 85%-ы қазақстандықтар болса 15%-ы шетелдік қонақтар.

«Біздің қолымызда ұйымдастырылатын шаралардың тізімі бар. 3517 шара ЭКСПО аумағынан тыс жерде ұйымдастырылады. Жоспарланып отырған 3296 шара  ЭКСПО аумағында өткізілетін конференциялар мен концерттік жиындар. 3517 шара бізде өткізіледі: халықаралық сәулетшілер жиыны, танымал іскер әйелдердің кеңесі. Бұдан бөлек әлемге танымал балет, опера поп және классикалық орындаушылар шақыртылады», – деп қосып өтті.

Бұдан бөлек келетін қонақтардың тұратын орындары да алдын ала жоспарланып қойылған.

«Қазірдің өзінде 30 мың қонақ үй номері бекітілген. 2017 жылға қарай тағы 5 мың номер қосылатын болады. Бұл алдағы уақытта салынып бітетін 24 қонақ үй мен  4 жатақхана құрылысына байланысты. Сондықтан осының арқасында тұратын жердің мәселесі толықтай шешіледі», – деп ақпараттандырды басқарма басшысы.

Ол сондай-ақ, жазғы лагер құру мәселесі қарастырылып жатқанын айтып өтті.

«ЭКСПО уақытында жұмыс істейтін жазғы лагер ұйымдастырылмақ. Осы жылы жазда алдын ала еріктілердің қатысуымен тестілеу лагерін ұйымдастырамыз», – деп аяқтады өз сөзін Бектұрова.

Талқылау