Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы зомби-триллер түсірілді (фото)

“Өлілермен селфи” атты зомбилер туралы қазақстандық көркем фильм осы жылдың 14 сәуірінде экранға шығады. Бұл осындай жанрда түсіріліп отырған алғашқы отандық кино болмақ.

1s-HzKl78G0

Суреттер “ВКонтакте” әлеуметтік желісінен алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Көп адамдар зомби, вампирлер туралы фильмдерді көріп өсті. Бұл өте қызық тақырып болғандықтан, біз байқап көрдік. Фантастикамен жұмыс істегім келді”, – дейді фильмнің продюсері Ермек Шахмет.

Фильм зомби-апокалипсис төңірегінде өрбиді. Аса құпия зертханадан қауіпті вирус алып шыққан масалар, оны Астанаға таратып адамдарға қауіп төндіреді. Фильмнің басты кейіпкері Асан жараланған өзінің ұлын құтқармақшы болып, зертхана ғалымымен бірге Алматыға аттанады. Ол қауіпті уға қарсы, күш табылады деп сенеді. Ғалым астаналықтарды әбден мезі қылған масаларды жоятын препарат ойлап табамын деп, оның орнына адамдарды зомбиге айналдыратын вирус жасап шығарады.

Зомби-триллер – Қазақ ұлттық университетінің студенті Дәулет Әуелбековтың студенттік режиссерлік жұмысы. Фильмнің кастингінде 200-ден астам адам бақ сынаған. Зомби образымен мүсінші-гиперреалист Айдос Есмағамбетов пен суретші Дархан Марамов айналысқан. Айдос Есмағамбетов осыған дейін Барак Обаманың мүсінін жасап, көпшілік назарына ұсынған еді. Түсірілім жұмыстары бір жылға созылды.

Фильм актерлерінің бірі Таир Тойғұлов – блогер және шоумен. Фильм сценариі көңілінен шығып, ол шақыруды қабыл алған.

“Бірнеше жылдан бері камераның алдында жүргеніме қарамастан, толықметражды фильмге бірінші рет түсіп тұрғандықтан ба толқу болды. Бір күні біз кешкі бестен таңғы беске дейін Астанадағы “Бәйтеректің” ішінде болдық. Ол жерде бір қызықты сахнаны түсірдік. Сол кезде мен бірінші рет “Бәйтеректе” түнеп шықтым”, – дейді Таир.

Фильм продюсері мұны тек зомби фильм емес, зомби-артхаус стиліндегі картина деп атап отыр. Жоба жетекшілері алдағы уақытта бұл франшизаны жалғастырғылары келеді.

B-UKyBBjgJ4 nC_r7AJ6mRE

Талқылау