Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Эксимбанк Қазақстан» таратылды

Биылғы жылдың 16 қаңтарында Алматы қалалық соты Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Эксимбанк Қазақстанды»  мәжбүрлеп тарату туралы өткен жылдың 28 қарашадағы шешіміне «Қазақтелеком» АҚ-тың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, аталған банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Эксимбанк Қазақстан» таратылды

«Эксимбанк Қазақстанды» тарату туралы шешім биылғы жылдың 16 қаңтарында заңды күшіне енді.

Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-та салымдарға, ағымдағы шоттарға және төлем карточкаларына орналастырылған ақшаны өтеуге құқылы. Өтемақы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың (ҚДКҚ) ақша қаражатынан жинақталған сыйақыны ескере отырып, бірақ депозиттер бойынша кепілдіктің ең көп сомасынан аспайтындай салымның, банк шотындағы немесе төлем карточкасындағы ақша қалдығының сомасы шегінде төленетін болады. Яғни, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша – 10 миллион теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге, бір салымшының «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-та бір уақытта теңгеде және шетел валютасында орналастырған депозиттері бойынша – 15 миллион теңге (шетел валютасындағы депозит бойынша – 5 миллион теңге баламасынан аспайтын мөлшерде) төленеді.

Сыйақы 16 қаңтардағы жағдай бойынша капиталдандырылған сыйақы сомасы (салымдарды, банк шоттарын немесе төлем карточкаларын қоса алғанда, депозиттік шоттарға төленген) шеңберінде өтеледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленетін болады. Өтемақы сомасын есептеу үшін 16 қаңтардағы нарықтық айырбастау бағамы қолданылады.

«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚДКҚ атынан депозиттер бойынша кепілді өтемақы «Қазпочта» АҚ арқылы төленеді.

ҚДКҚ арнайы резервтің қаражаты есебінен «Қазпочта» АҚ-ты банктің әрбір 361 салымшысына төлем жасау үшін «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың салымшыларына 248,9 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді.

«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың салымшыларынан өтініштер қабылдау және өтемақы төлеу алты ай ішінде – 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап 4 тамыз аралығында жүргізіледі. 4 ақпанға дейін «Қазпочта» АҚ-тың филиалдары мен бөлімшелерінің таратылатын «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың салымшыларынан өтініштер қабылдауға, оларды қарауға және өтемақы төлеуге құқығы жоқ.

2019 жылғы 4 тамызға дейін «Қазпочта» АҚ-қа жүгінбеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін ҚДКҚ-қа тікелей тиісті өтініш бере отырып, өтемақы алуға құқылы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау