Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-судья Өмірзақ Серімов шығарған әділетсіз үкімнің құрбандары көбейді

Осындай мәлімдеме жасаған топ, атышулы Серімовтің ақталуы еліміздегі сот жүйесін масқаралап, әділдік іздегендердің тауын шағып отыр дейді. Олардың айтуынша, осы уақытқа дейін экс-судьяның негізсіз шешімінен зардап шеккен 5 адам түрлі құзырлы орынға өтініш түсіріпті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Алайда, кеуделеріне «судья Серімовтің құрбандарымыз» деген жазуы бар плакат таққандардың айутынша, тірегі мықты экс-судьяның үстінен түсірген шағымға ешкім құлақ аспапты. Айта кетейік, қазан айында атышулы Серімовтың ісіне нүкте қойылып,  судья сот залынан ақталып шықты. Ол кезде экс-судьяға адамды өзін өртеуге итермеледі деген айып тағылған. Естеріңізге салсақ, Өмірзақ Серімов бір іске екі түрлі шешім шығарып, кесірінен таласқа түскен үйді сатып алған Светлана Тұрғанбаева сот орындаушыларының көзінше өртеніп өлген болаты. Ал, Серімовті өткір айыптағандардың арасында пәтер дауына іліккендер мен алданып қалған үлескерлер бар. Барлығы бір ауыздан, сотқа жеткен істе Серімов жәбірленушінің емес, өзгенің ұпайын түгендеп шығатын дейді.

«Сотты Серімов жүргізді. 1,5 миллиард ақшалай болды. 15 миллион долларлық жер мүлігі бар. Суретті қараңдаршы, кәдімгідей қоршауы да бар. Сол бар байлықты жоқ қылған кім? Ол – Серімов! Ол үкіметке қаншама шығын келтірді? Ал, 220 пәтерді үкімет берді», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Асыл Нұрпейісова.

Оқи отырыңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы дауға Ақпарат министрі араласты

Ауғаныстан ардагерлерін қорлап суретке түскен ШҚО тұрғыны жұрттан сөз естіді

Қостанай облысының әкімі жұмысшыларға он үшінші жалақы беруді ұсынды

Түркияда көлік қаққан отандасымыздың ақшасы таусылып жатыр

Талқылау