Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-президент Асқар Ақаевтың іздеуде жүрген күйеу баласы Дубайда ұсталды

Интерпол экс-президент Асқар Ақаевтың іздеуде жүрген күйеу баласын Дубайда ұстады.

60111cc984853dfdc6add321886

Сурет: kapital.kz

Бұл туралы Қырғызстанның ІІМ ресми сайтында хабарланды.

Қырғыз Республикасында Дубай (БАЭ) қаласының территориясында халықаралық іздеуде жүрген Әділ Тойғанбаев ұсталды.

“Таяуда Қылмыстық Полиция Халықаралық Ұйымының (ҚПХҰ) желісі бойынша жедел-іздестіру шараларының аясындағы халықаралық іздестіруді жүргізу барысында Интерпол БАЭ құқық қорғау органдарымен тығыз әрекеттестікте 12.10.1966 жылы туған Тойғанбаев Әділ Еркенұлы ұсталды”, – деп хабарлады Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Ол Қырғызстан құқық қорғау органдарының бірқатар қылмысы бойынша айыпталған болатын.

Талқылау