Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-премьер Серік Ахметовтен ақша өндірілмейтін болды

Жақында ғана жазасының төрттен бір бөлігін қысқартуды сұраған Серік Ахметовтен ақша өндірілмейтін болды. Бұған дейінгі соттың үкімі бойынша бұрынғы премьер-министрден 148 миллион теңге өндірілуі тиіс болған.

31432

Фото: azh.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бірақ экс- премьер кері шағым түсіріп, аппелляциялық сот алқасы алғашқы үкімді негізсіз деп тапты. Сөйтіп Серік Ахметов мемлекетке 148 миллион теңгені де қайтармайтын болған.

Бұл аздай, Қарағанды қаласында жарықшамдарды екі есеге қымбат орнатты деп бұрынғы экс-премьерге қатысты осыдан бір жыл бұрын қозғалған іс қайта қаралады. Енді бұл арызбен алғашқы шешім шығарған сот ғимаратында өзге судья айналысатын болады.

Ал былтырғы жылы он жылға бас бостандығынан айырылып, кейін жазаны өтеу мерзімі сегіз жылға қысқартылған Серік Ахметовтың азаматтық ісін осы уақытқа дейін үш судья бір-біріне ысырып келген екен.

Әуелі қарауы тиіс болған судья денсаулығына байланысты демалысқа шығып, өзге әріптесіне жіберген көрінеді. Бірақ көп ұзамай ол да ауырып, арыз үшінші фемида өкіліне түсіпті. Дегенмен 148 миллион теңге үкіметке қайтарылсын деген үкімді алғашқы судья шығарған.

Бұған дейін экс-премьер өзіне рақымшылық жасауды да сұраған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жаңа министр Мәскеуде жұмыс істеп жүріп қазақ тілін ұмытып қалған

Айсұлтан Назарбаев Жақсыбеков пен Тасмағамбетовке қарсы шықты

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды

Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады

Талқылау