Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-премьер Серік Ахметов бүгін бостандыққа шығатын болды

Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметов бүгін бостандыққа шығатын болды. Экс-шенеуніктің жазасын үй қамағына ауыстыру туралы шешімге ешкім қарсы шыққан жоқ, сондықтан үкім бүгін заңдық күшіне еніп отыр.

67_main

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Прокуратура Ахметовті босату туралы шешімге қарсы шыққан жоқ.

21 қыркүйек күні, яғни бүгін сот үкімі Абай ауданы Қарабас ауылында орналасқан АК 159-18 әкімшілік колониясына жедел түрде жеткізілетін болады. Тиісті әрекеттер орындалған соң, бүгінгі күннің ішінде Серік Ахметов бостандыққа шығады.

Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов 2014-ші жылдың қарашасында қамауға алынып, 2015-тің желтоқсанында бөтеннің мүлкін талан-таражға салды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қызметін асыра пайдаланды деген баптар бойынша бас бостандығынан айырылған болатын. 10 жылға сотталған Ахметов екі жылын түрмеде өткізді. Бұған дейін Серік Ахметов өтелмеген жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды өтінген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барып, жерлестерімен әңгіме-дүкен құрды

Елбасы Алматыдағы Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығын аралады

Божко ауыл жастарына қатысты мәлімдемесін түсіндірді

Қырғызстан Назарбаев пен Бабановтың кездесуін Қырғыз елінің ішкі ісіне араласу деп бағалады

Талқылау