Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Амалбек Тшанов: Елбасы қоңырау шалып, тағы бір әкімді ұрғаным туралы айтты

90-шы жылдардың аты аңызға айналған саясаткері, экс министр, бұрынғы облыс әкімі Амалбек Тшанов бүгінгі таңда республикалық спорт колледжінің директоры қызметінде отыр. Ол лауазымды қызметінен кеткеннен кейінгі өмірі туралы айтып берді. Сонымен қатар өзінің қатал әкім болғаны туралы айтып өтті.

Амалбек Тшанов

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ел арасында Амалбек Тшановтың әкімдік қызмет атқарған кезінде қатал әкім болғаны туралы сөз бар. Оның қаншалықты рас екенін саясаткердің өзі айтып  берді.

«Жалпы, жатқан тастың астынан су ақпайды дейді. Еш жұмыс істемей, жұрттың ыңғайына қарап жүре берсеңіз, аш уақытта сыртыңыздан сөз айтылмайды.

Бір күні елбасы қоңырау шалды. Көмекшісі: «Нұрсұлтан Әбішұлы сізбен сөйлескісі келеді», – деді. Ол кісі әдетте жақсы сөйлесетін. «Амалбек, жағдайың қалай?» – деп. Мен жауап бердім. Содан кейін: «Сен тағы бір әкімді ұрыпсың ғой», – деді. «Нұрсұлтан, Әбішұлы, менің кімді ұрғанымды білу үшін сізге үлкен жұмыс керек емес қой. Бір ауыз түсіндірейін. Мен кімді ұрғанымды өзім де білмеймін. Екінші жағынан, өзіңіз білесіз, мен – боксшымын. Жай ғана ұрмаймын, өлтіріп ұрамын», – дедім. Содан кейін ол кісі күлді де, телефон тұтқасын қойды», – дейді экс-министр.

Амалбек Тшанов лауазымды қызметінен кеткеннен кейін бір сұхбатында «бәтеңке байлағыштардың бәрі бірге кеткенін» айтқан. Сол сөзін түсіндірген саясаткер кезінде 4 ай жұмыссыз отырғанын баяндады.

«Солай, ол шындық қой. Кезінде мен Шымкент қаласындағы қызметімнен кеткеннен кейін, 4 ай жұмыссыз отырдым. Ешкім жоқ. Қоңырау шалуға да қорқады. Үйге де ешкім келмейді. 4 ай тыныш жаттым. Сонда мен қазақ халқының болмысын түсіндім», – дейді Тшанов.

Өз сөзінде экс-министр өміріндегі қиын сәтті еске алды. Екі қыз, бір ұлын тәрбиелеген Амалбек Тшанов бірнеше жыл бұрын жалғыз ұлынан айырылған.

«Жүрегімді ауыр қылғын ең қиын мәселе, ол 2003 жылы кіші ұлымның дүниеден өтуі. Денеге түскен ауырлықты көтеруге болады, сөзді де көтеруге болады. Ал жүрегіңді жарып шыққан, бауыр етіңнен шыққан ұлдың дүниеден өтуі мен үшін өмірімдегі ең қиын сәттің бірі болды», – дейді Амалбек Тшанов.

Сонымен қатар Амалбек Тшанов бүгінде республикалық спорт колледжінің директоры ретінде бірқатар жұмыс атқарып отырғанын айтты. Өзімнің көңілімнен шығатын қызмет маған өте қымбат, дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау