Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-әкім Ахмедбек Ахметжановтың көліктеріне іздеу салынды

Ғайып болған көліктер. Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың автокөліктеріне іздеу салынды.

foto-lexus-rx-4_05

Көрнекі сурет

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Сот шешімімен тәркіленуге тиіс темір тұлпарлардың қайда екені белгісіз. Ал оның екі қабатты зәулім үйі қалалық әкімдіктің еншісіне берілген. Баспана әзірге бос тұр. Заңғар Санай тақырыпты жалғастырады.

Жемқорлыққа жол беріп, он үш жылға бас бостандығынан айрылған экс-әкімнің дүние-мүлкі түгел тәркіленген болатын. Алайда, қымбат автокөліктердің қалайша ізім-қайым болғаны түсініксіз. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тек жалғыз көлік-құралы жеткізілген.

“БМВ Х-6, Лексус РХ 300, 350, фольксваген секілді төрт-бес көлік бар. Бірақ бүгінгі таңда ол қымбат көліктер біздің департаментке өткізілген жоқ. Сот орндаушылар іздестіру іс-шараларын өткізуде. Қалай біздің теңгерімге беріледі, солай жаңағы тәртіпті сақтай отырып, бірінші мемлекеттік мекемелерге ұсынамыз”, – дейді Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Ғалымжанов.

Құны қымбат көліктерді қазір қайда және кім тізгіндеп жүр деген сұраққа сот орындаушылары да жауап бере алмай отыр. Ал экс-шендінің зәулім сарайына қатысты шаһар билігі ақпарат беруден бас тартты. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменітінің өкілдері екі қабатты үйдің қалалық әкімдіктің балансына берілгенін айтады.

“Ол коттедж біздің тәртіп бойынша коммуналдық меншік құрамына енеді. Сондықтан да үй қала әкімінің құзырына берілді”, – дейді Айбек Ғалымжанов, Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының міндетінатқарушы.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметіне сәйкес, бұрынғы әкімнің иелігінде 2 мейрамхана мен 1 сауда үйі болған. Қаланың қақ ортасындағы «Метрополь» мейрамханасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының еншісіне беріліпті. Ал, Тобылдың жағасындағы «Алтын саф» тойханасы бір миллионнан астам АҚШ долларына сатылмақ. Тағы бір сауда орталығы 87 миллион теңгеге бағаланды. Қос ғимарат желтоқсанда аукционға шығарылады.

Жіберіп алмаңыз:

Алдағы уақытта банктер қарызды күштеп қайтарып алуы мүмкін

Ақтауда үш адамды өлімнен құтқардым деген сарбаз сот алдында жауап беріп жатыр

Шымкентте зейнетақысын ала алмаған Назарбаев ақсақал қайыр сұрап күнелтіп жүр

Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды

Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген

Талқылау