Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономистер “Астана банкінің” салымшылары ақшасын қашан ала алатынын айтты

«Астана банкінің» салымшылары жинақ ақшасын жарты жылдан кейін ала алады. Экономистердің пікірі осындай. Ендігі банкті уақытша әкімшілік басқаратын болады. Алайда ондағылар банктегі ахуалға қатысты жақ ашпай отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экономистер "Астана банкінің" салымшылары ақшасын қашан ала алатынын айтты

Банк лицензиясынан айырылғаннан кейін клиенттерінің көбі не істерін білмей дал. Тіпті, олар несиелерін өтейтінін немесе банктің толық жабылғанын күтетінін білмей отыр.

«Егер қандай да бір көлемдегі ақшаны несиеге алса, қарызын өтеп, қайтаруы тиіс екені түсінікті. Өз басым қазіргі уақытта банктің уақытша әкмішілігімен байланысқа шығып, солардан мән-жайды анықтап алуға кеңес беремін», – дейді экономист Айдар Әлібаев.

Сонымен қатар экономист әзірге банк карталарын жабуға асықпауға кеңес берді. Айтуынша, әрі қарай не істеу керегін нақтылау үшін банк филиалдарының біріне жүгінген жөн. Ал клиенттері ұзақ уақыт бойы қолданбаған және қазіргі уақытта шотында ақшасы жоқ карталарды жабуға болады.

Ал шотында ақшасы қалған клиенттер оны банк толық жабылғаннан кейін ғана ала алады.

Күні кеше Ұлттық банктегілер лицензиясынан айырылған «Астана банкінде» қазақстандықтардың зейнетақы жинағы болмағанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 19 қыркүйекте, “Астана банкінің” лицензиясынан айырылғаны хабарланған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау