Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олжас Құдайбергенов қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына қаражат жинауды ұсынды

Белгілі қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов Алматыдағы атыс барысында қаза тапқан полицейлердің отбасына көмек ретінде материалдық көмек жинау туралы хабарлады.

4920c73af4229f0a18d290436c8ed4ef-big

Танымал экономист Олжас Құдайбергенов Алматыда содырлардың қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туған-туыстарына қаражат жинауды ұсынды.

«Бұл адамдар өз міндеттерін орындау барысында қаза тапты және олардың артынан балалары қалды. Мен мемлекеттің оларға қандай көмегін беретінін білмеймін, басқа да бастамалар көтерілгенін не көтерілмегенінен де хабарсызбын, бірақ көз жұмғандардың отбасыларына қаражат жинау бастамасын жария етемін. Бірі біржолғы көмек бере алса, екіншісі белгілі бір уақыт бойы жәрдемін беруі ықтимал. Әрине, мен тек ұйымдастырушылық мәселелермен айналысатын боламын. Қолдау көрсетемін дегендерге маған жекеге жазса болады. Ертең көмектің барлық жай-жапсарлары туралы жаңа хабарландыру жасаймыз. Отбасыларға көмектесейік!», – деп атап өтті ол өзінің Facebook-тағы парақшасында.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді. Ал Елбасы қанды оқиғаны теракт деп атап, ішкі істер министрін шұғыл түрде Алматтыға аттандыратын болды. Ал шаһарда террорға қарсы операцияның аяқталғаны хабарланды.

Талқылау