Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономист: 2018 жылы ең жоғары жалақы 13 млн, ең төмені 16 мың теңге болған

Қазақстандықтар «сайқал» статистиканың арбауында жүр. Әлеуметтік желіде жарияланған осындай тақырыптағы мақала қазақтілді аудиторияның арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе «елімізде орташа жалақы 170 мың теңгеге жетті» деген сарындағы жаңалықтар тұрғындардың шамбайына тигендей.

Экономист: 2018 жылы ең жоғары жалақы 13 млн, ең төмені 16 мың теңге болған

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.

«Теледидарды қоссам, газет-журнал ақтарсам бәрі жақсы, бәрі тамаша. Жалақы ертегідегі “Ер Төстікке” ұқсап өсіп жатыр дегенді естуден жалықтым». Бұл «Сайқал статистика» мақаласының авторы Әбілсерік Әлиақпардың пікірі. Журналист орташа жалақы 160-170 мыңның төңірегінде деген ақпаратты көргенде миығынан күліп таң қалатынын жасырмады. Себебі, мұндай жаңалыққа өзі тұрмақ, көрші-қолаң, ағайын-туыстың да сенбейтініне көзі жеткен.

«Статистика деген мемлекеттің өте осал тұсы. Біз статистикадан ұтылмауымыз керек. 10 адам миллион алады дейік, 5 адам он миллионнан алады дейік. Міне, солардың ақшасын шашып жібергенде жаңағы 28 мың алып жүргендердің жалақысы 170 мыңға айналып шыға келеді», – дейді журналист, қоғам белсендісі Әбілсерік Әлиақпар.

Депутат Бахтияр Мәкеннің пікірінше, жалпы ішкі өнім, орташа жалақы коэффициенті, пайыздық мөлшерлеме сияқты терминдерді азаматтарға айтып қажет емес. Ал елдегі орташа жалақыға келер болсақ «оның қатып қалған нақты сомасы болуы міндетті емес» – дейді.

«Қайта қарастыру керек шығар. Бұл жерде басқа технологиялар бар ғой. Батыс мемлекеттерінде, басқа жерлерде есептеу мөлшерін тең түрде қарамайды. Оның арнайы бір механизмдері бар, тетіктері бар. Оны тиісті экономикалық сарапшылар қарау керек те бір мөлшерге алып келу керек. Мысалы орташа жалақыны 165-тен бастап, 350-ге дейін бе деген сияқты. Соның ортасындағы орташа коэффициентін тауып, дұрыс ақпарат беру керек», – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен.

«Иә, жалпы ішкі өнім, субвенция, трансферт сияқты күрделі экономикалық терминдердің халыққа қажеті бар ма? Әлде ол түсініктерді барынша қарапайым етіп жеткізу керек пе? Бұл турасында тұрғындары былай дейді:

«Күрделендіріп түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын өз басым».

«Кейбір терминдерді өз қалпында қалдырып, кейбірін халыққа ашып түсіндірген дұрыс деп ойлаймын».

«Жақын арада күлкілі болды ғой. Орташа жылдық есеппен отбасыға шаққандағыжалақы 500 боп шықты. Оның бәрін адам түсіну керек қой. Егер де бізге түсіндірсе сандардың, бағалардың қайдан шығып жатқанын, халықтың кішкене болсын көзі ашылатын еді».

Жалақы дегеннен шығады, жақында «HeadHunter» сайтының сарапшылары биылғы жылдың бірінші айында Астана тұрғындары қандай жалақысы алғысы келетінін есептеп шығыпты.

Сонымен, түйіндемелер мен талаптарды ескере отырып елордалықтардың 10 пайыздан астамы 85 мың мен 114 мың теңге аралығында еңбекақы алғысы келеді екен. Тұрғындардың 28 пайызға жуығы болса ай сайын қызметіне қарай 114 мыңнан 171 мыңға дейін тапқысы бар. Ал астаналықтардың 19 пайызға жуығы ыңғайы келсе 30 күнде бір 171 мыңнан бастап 230 мыңға дейін жалақыға риза боламыз депті.

Армандаған жақсы, “дегенмен қазақстандықтардың дені неліктен жоғары жалақы алмайды?” – деген сауалды Жанарыс Сабырұлына қойып көрдік. Экономист маман былай дейді:

«Бұл ұлттық байлықтың дұрыс бөлінбеуінің салдары деп айтуға болады экономикалық тұрғыдан. Себебі, статистикаға келетін болсақ 2018 жылдың ең көп жалақы тау-кен өндірісінің директорында 13,2 миллион теңге 1 айда алға жалақы. Ал ең төменгі жалақы 16 мың теңге ол білім саласындағы еден сыпырушының жалақысы. Айырмашылығы 850 есе», – дейді экономист Жанарыс Сабырұлы.

Түсінгеніміз, бүгінде тұрғындардың арыз-талабы мынау: “Нарықтағы бағаға сай жалақы алу және жауапты органдардың елде жоқ еңбекақыны көрсетіп, республика бойынша орташа көрсеткіш осы деп түсіндіруін қойса” – дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау