Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономика министрі: Пантеонға ақша жоқ

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Ұлттық пантеон  құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейтіндігін мәлімдеді.

1462525477x2a2x_1000x768

«Пантеонға ақша жоқ. Бұл мақсатта ешқандай ақша қарастырылған емес. Сіздерге осы жылдың бюджетіне құрылыс жүргізуге қаржы қарастырылмағандығын айта алам. Келесі жылға да көзделмеген», – деді ол бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі отырысы аясында БАҚ өкілдеріне.

2014 жлғы күзде Қазақстан үкіметі Ұлттық пантеонға апаратын инженерлік желілер мен кірме жолдардың құрылысы үшін нысаналы даму трансферттері түрінде Астана қаласының әкімдігіне аудару үшін 1 миллиард теңге сомасында қаражат бөлу туралы қаулы етілген.

Астана әкімдігіне ғылым, мәдениет саласында Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлерін жерлеу үшін Ұлттық пантеон орнын анықтау тапсырылған.

Қазақстандағы Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық жобасының құны 79 миллиард теңгені құрайыны, 1000 гектар аумақты алып жататын пантеон Қабанбай батыр ауылында орналасатныны айтылған.

Астананың маңындағы ұлттық пантеонның I кезектегі құрылысына 2,3 млрд теңге  жұмсалатыны мәлім болған.

Ұлттық Пантеонның құрылысына байланысты Астана шекарасын кеңейтетінін де хабарлаған едік.

Талқылау