Экономика министрі: Ақшаны долларға салған, оны көмгенмен бірдей

Экономика министрі Тимур Сүлейменов  КТК  арнасының жүргізуші Артур Платоновқа берген сұхбатында  қазақстандықтарға ақшаны долларда сақтамауға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тимур Сулейменов

 

“Әркім өзінің қаржылық стратегиясын таңдайды. Біреу ақшаны пәтерге салғысы келеді, екіншісі жерге, тағы да басқа біреу кәсіпке, балаларының біліміне, тәрбиеге, мәдениетке, долларға салғысы келеді. Бұл әр азаматтың шешімі. Біз ешбір жағдайда оған бұйрық бермеуіміз керек”, — дейді Сүлейменов.

Сонымен қатар, ол ақшаны долларға салу — оларды көмумен бірдей екенін де айтты.

“Балалардың біліміне, тек валютаның ауытқуына байланысты түрленетін емес, керісінше жаңа нәрсенің пайда болуына, шығуына байланысты дамитын кәсіпке салу керек. Барлық жағдайды Елбасы жасап қойды. Бізде кәсіптің жол картасы, жаппай кәсіпкерліктің бағдарламасы бар. Осыған бізге әлеуметтік бастаманың негізінде қосымша түрде ақша берді. Бар болғаны құштарлық керек”,—деді министр.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар