Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экологтар қазақ жеріне құлаған зымыранның табиғат пен адамзатқа зияны барын айтты

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі құлаған зымыранның залалы жоқ екенін айтты Алайда экологтардың айтары басқа, деп хабарлайды КТК.

Экологтар қазақ жеріне құлаған зымыранның табиғат пен адамзатқа зияны барын айтты

Марат Нұрғожиннің айтуынша көкте керосиннің басым бөлігі жанып кеткен. .

“90 пайызы аспанда жанып кетті. Жерге түскен фрагменттері 22 тонна деп отырмыз. Соны қазір біз зерттеп жатырмыз. Бірақ, керосин сайғактарға зиян келтіреді деп  ойламаймын. Бір-екі жұмадан кейін бүкіл сараптамалары шықса толығырақ айтамыз” – дейді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин.

Экологтар Ресейдің бұған дейін табиғатты ластаған гептил үшін өтемақы төлемегенін алға тартты. Осыған дейін де екі рет апатқа ұшыраған. Биыл тағы да орын алып отыр. Егер керосин тонналап жерге сіңе берсе, өсімдікке де, жануарларға да, адам денсаулығына да зиянды екенін айтты.

“Сол керосинмен біз бүкіл қоршаған ортаны ластадық. Ол жерде жануарлар бар, жәндіктер бар, ағаш бар, өсімдік бар. Осының бәрі керосиннен зардап шекті”, – дейді эколог Мұсағали Дуамбеков.

Биыл үш рет зымыран ұшырылуы тиіс болған. Алайда апаттан кейін бұл жоспар іске аспауы мүмкін.

11 қазан күн Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшыраған еді. Ғарыш кемесінің не себепті апатқа ұшырағаны туралы ақпарат жарияланды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау