Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экологтар Алматыдағы өзеннің не себепті қызыл түске айналғанын анықтауда

Алматы қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері Түркісіб ауданыныдағы қызыл түске айналған өзен суын зерттеп көрді.

20160819193423

Бұл туралы қалалық экология департаменттің лаборатория бөлімінің жетекшісі Айткұл Халелов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Біз өзен суын алып тексердік. Нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады. Біз сынама алатын күні өзеннің түсі бұрынғы қалпындай болды. Енді оның не себепті өзгергені сараптамадан соң анықталады», – дейді маман.

Айта кетейік, сенбі күні Алматыдағы өзен қызыл түске айналып кетті. Бұл жөнінде балықшылар клубының белсендісі Евгений Сляднев мәлімдеген.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиададағы бассейн суының жасыл түске айналуының себебі анықталды

Мәскеудегі Каменка өзені көк түске айналды (видео)

Бес түрлі түс беретін әлемдегі ең әдемі өзен (фото)

Талқылау