Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эколог: Алматыны қар басуы – тасқынның белгісі

Түні бойы тоқтаусыз жауған жауын соңы қарға ұласқан. Нәтижесінде, Алатаудың етегі жаппай аппақ жамылғы жамылған. Көктем әне-міне аяқталып, ендігі жазды күтіп отырған алматылықтар қарды көріп жаппай тосылып қалды. Қар қаланың таулы аймағындағы тұрғын үйлердің шатырын да басып қалды, деп хабарлады КТК.

Эколог: Алматыны қар басуы – тасқынның белгісі

Экологтар кенеттен жауған қарға қуанып отырған жоқ. Айтуларынша, табиғаттың табанасты құбылуы құрғақшылық пен тасқынның белгісі екен. Ал оған себеп – ауаның мөлшерден тыс ластануы. Салдарынан, табиғат шатаса бастаған. Алматылықтардың өздері жалпы мамырда бұрын-соңды қар жаумағандығын айтып отыр.

«Жаңбырдың арты қарға ұласты. Қар қойып, артынша бұршақ жауды. Содан кейін түні бойы жауды. Таңертең тұрып қарасақ, барлық жер қар. Балалар қарда жүре алмай сабаққа әрең шықты. Бұрын мұндай құбылыс болған емес. Осындай жағдай бірінші рет болып тұр»,- деді Алматы қаласы тұрғыны Дилфуза Рақымова.

Естеріңізде болса, кеше еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райы күрт төмендеп, Қарағандыда қар жауған болатын.

Талқылау