Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эдвард Кеннедидің 1978 жылы Алматыға жасаған сапарының бірегей суреттері жарияланды (фото)

Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының елшілігі сайтында Эдвард Кеннедидің 1978 жылы Алматыға жасаған ресми сапарының суреттері жария етілді.

20160222215753

Сенатор Эдвард Кеннеди Алматыға 70-жылдардың аяғында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саммитіне қатысу үшін келген екен. Эдвард Мур “Тед” Кеннеди (1932-2009) АҚШ президенті Джон Кеннедидің кіші інісі. 1962 жылдан 2009 жылға дейін ол АҚШ-тың Массачусетс штатынан сайланған сенатор болды. Денсаулық сақтау, білім, еңбек және зейнетақымен қамтамасыз ету комитеттерінің төрағасы болды.

1974 жылы КСРО-ға келген Кеннеди Леонид Брежневпен кездесіп, ядролық қаруға тыйым салуға келісіп және эмиграция мәселелерін жеңілдетуге келісім жасасты.

Кеңестер Одағына келесі ресми сапары 1978 жылы болды. Сенатор мәртебесімен келген Кеннеди Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық саммитіне қатысты. Сол кезде Алматыдағы аталмыш конференцияға әлемнің 146 елінен өкілдер келген болатын.

20160222215749  20160222215757 Sen.KennedyAlmaty1

Талқылау