Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Эдди Хирн Головкиннің мансабын тәмамдайтыны туралы қызықты мәлімдеме жасады

DAZN платформасының басқарушысы Эдди Хирн  қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің барысы туралы айтты. Сонымен қатар оның мансабын аяқтайтыны туралы қауесетке қатысты жауап берді.

Эдди Хирн Головкиннің мансабын тәмамдайтыны туралы қызықты мәлімдеме жасады

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біз Геннадиймен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Не боларын көреміз. Алайда ол барлығымен келіссөз жүргізуде және жақында шешім қабылдайды. Ол Марвин Хаглердің ізімен жүріп, қазір мансабын аяқтауы мүмкін бе? Жоқ, мен олай ойламаймын. Ол – тамаша боксшы. Алда әрі 2-3 жылы бар деп ойлаймын», – дейді Хирн.

Бүгінгі таңда Головкинге WBO чемпионы Деметриус Андраде қарсылас бола алуы мүмкін деп топшыланып отыр. Ол да DAZN-ның клиенті болып табылады. Сондықтан Головкин «миллиардтық жобаға» қосылуды ұйғарған жағдайда, бұл жекпе-жекті ұйымдастыруды айтарлықтай жеңілдетеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр