Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыдырысов: Қазақстан «ірі ойындарда» пешка емес, тәжірибелі ойыншы

Бүгін  сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов  Қазақстанның халықаралық  «ірі ойындарда» пешка емес көрегенді, тәжірибелі ойыншы екенін айтты.

10576176

«Менің айтқым келетіні, жоғары дәрежелі әрі соңғы кездері жиі болып жатқан  делегациялық ауысымға қарап, көптеген халықаралық сарапшылар біз жақта қандай да бір «ірі ойынның» жаңарып келе жатқанын айтады екен: Қытай  лидерінің келуі, Ресей, Түркия, Жапония, АҚШ,  Еупора елдері басшыларының  келуі олардың есіне қандай да бір «ірі ойынды» түсіреді екен»,-деді СІМ Ыдырысов.

Ол Қазақстанның қандайда бір саяси  «ірі ойынға»  қатысы жоғын айтады.

«Қазақстан мен Орталық Азия  елдерінің саясаткерлері қандай да бір «ірі ойындарда» пешканың қызметін атқаратын жағдайда емес. Олар салмақты, тәжірибелі ойыншылар. Қазақстан Орталық Азия елдерімен достық, әріптестік қатынасты ғана көреді», -деп қосты Ыдырысов.

Ерлан Ыдырысов журналистерге берген сұхбаты барысында Орталық Азия мен Еуразиялық мемлекеттер арасында  Қазақстан  ешқандай түсініспеушіліксіз, бейбіт қатынасты ғана жоспарлауда екенін айтты.

«Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты да осы. Ағылшынша айтқанда win-win, барлығы жоспарлы түрде жағымды нәтиже беруде. Осындай ұстанымда қарым-қатынасты жалғастыратын боламыз»,-деді ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов.

 

Талқылау