Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ямайкада тұратын әжей әлемдегі ең қарт адам атанды

Ямайкада тұратын 117 жастағы Вайолет Мосс Браун әлемдегі ең қарт адам атанды.

pic_cd8f1f32f7ae45a15138bfb8cfe40440

Бұл туралы Metro басылымы хабарлайды.

Ол 1900 жылы 10 наурызда өмірге келіпті. 2010 жылы жергілікті басылымдардың біріне сұхбат берген. Ол шошқа, тауық етін жемегенін және спиртті ішімдік ішпегенін айтыпты. “Мен кейде өз-өзімнен сұраймын: қалай ғана мен 110 жасқа келдім деп. Себебі мен өзімді 110 жаста деп сезінбеймін” дейді ол.

Сенбі күні планетаның ең қарт тұрғыны италиялық Эмма Моранның қайтыс болғаны хабарланды. Осы жаңалықтан кейін Ямайканың премьер-министрі Эндрю Холнесс Твиттер арқылы Браунды жаңа атағымен құттықтаған.

Моранның өлімінен кейін Европадағы ең егде адам атағынан 115 жастағы Ана Вела қол жеткізген. Ал қарт европалық ер адам 112 жастағы Фрасиско Нуньес Оливер. Ал әлем бойынша ең қарт ер адам израилдік Исраэль Криштал. Ол 1903 жылы өмірге келген.

Оқи отырыңыз:

Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

Әйгерім есімді бойжеткен Франция астанасында қазақ мәдени орталығын ашқан (фото)

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Талқылау