Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Яхталары сынып Тынық мұхитында 5 ай бойы жүзген екі әйел құтқарылды

Америкалық әскери корабль қозғалтқышы сынып қалған яхтада қалып кетіп 5 ай мұхитта болған екі әйелді құтқарды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Дженнифер Аппель мен Таша Фуиаба көктемде Гавай аралдарындағы порттан екі иттерін ертіп Таитиді бетке алып шығып кеткен. 2017 жылдың 30 мамырында болған дауыл кезінде олардың қозғалтқыштары сынып қалып, бірақ олар сапарларын жалғастыра береді.

Алайда жағалаудан тым жырақта қалып кеткен олардың берген дабылын ешкім естімейді. Тек 24 қазан күні тайвандық балықшылар Жапонияның оңтүстік-шығысынан 900 шақырым жерде жүрген яхтаны байқап қалған. Сосын оларды құтқаруға Ashland америкалық әскери кораблі аттанып, 26 қазан күні апатты жағдайдағы яхтадан алып шығады.

Әйелдердің айтуынша, олар тұщыландырған су мен бір жылға есептелген азық-түліктің арқасында аман қалған.

 

Талқылау