XIX ғасырда Австралияда өмір сүрген алғашқы транссексуал үш рет үйленген (фото)

Сейсенбі, 23 Тамыз , 2016 16:33

Жақында ғана табылған деректер негізінде, Австралияда ең алғашқы транссексуалдың өмірбаяны туралы мәліметтер аян болды.

main131

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Эдвард де Лэйси Эванс қарапайым жұмысшы, шахтер болып жұмыс істеген. Ол Виктория штатындағы Стэуэлл мен Бендигода тұрған. 20 жылдан астам уақыт бойы ол ер адам сияқты өмір сүріп, үш рет үйленген. Оның әйелдерінің бірі күйеуінің биологиялық жыныстық ерекшелігі туралы білмегенін айтыпты.

596

Эванстың тұлғасы 1897 жылы “депрессия” диагнозымен Мельбурндағы ауруханаға түскен кезде анықталған. Үшінші әйелі Джулия Марканд бала туған кезде, оның әкесі ретінде Эдвард жазылған. Ал аурухана қызметкерлері Эвансты жуындырмақ болған кезде, ол жасырынған. Алайда олар күштеп ұстап, шешіндірген кезде оның ер адам киімін киген әйел екенін айғақтайды.

2169

Виктория штатының мемлекеттік кітапханасында сақталған жазбаларға қарасақ, Эвансты Эллен Тремейн деп атап, ол Австралияға 1856 жылы шілдеде қоныс аударған екен. Ол үстіне әйел көйлегін, ер адам шалбары мен жейдесін киіп, ал қолына “Эдвард де Лэйси Эванс” деп жазылған шабадан ұстап кемеден түседі.

1259

Ол өзінің бірінші әйелі Мэри Делахантимен корабльде әйел ретінде танысады. Ал Австралияға келген соң қонақүйде тазалықшы болып жұмыс істейді. Сосын ол жерден шығып кетіп, ер адамдарша киініп, Делаханти ханыммен қайтадан кездесіп, үйленеді.

3129

Бірінші некесі сәтсіз болған соң да, ол тағы екі рет үйленген. Оның 2-ші және 3-ші әйелі – Сара Мур мен Джулия Марканд. Оның әйел екені анықталған кезде, Австралия мен шетелдік баспасөздің басты тақырыбына айналады. 1879 жылы The Argus газеті Эванс туралы жариялаған.

694

“Эванстың жасы 40-та, оның түрі нағыз еркек сияқты. Егер сақалы болғанда, оның еркек екеніне ешкім де күмәнданбайтын еді”, – деп жазды газет.

Эванс ауруханадан шыққан соң, Гилонг пен Стоуэлледегі Panorama Showmen шоуының бөлігіне айналды. Алайда оның сахналық ғұмыры да ұзаққа созылмады. 1901 жылы Мельбурндағы имигранттар үйінде қайтыс болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар