Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WTI мұнайы сүттен де арзан бағада сатылып жатыр

West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы сәрсенбіде 2003 жылдың мамыр айынан бері ең төменгі көрсеткішке түсті, соның салдарынан АҚШ-тағы мұнайдың бағасы сүтке қарағанда екі есе арзан болды.

иии

Бұл туралы  Bloomberg агенттігі хабарлайды.

WTI мұнайының бір галлонының (3,79 л) бағасы қазіргі уақытта Чикагодағы фьючерстік биржада сатылатын ІІІ сыныпты сүт галлонының жартысына тең. Бұл мұнай үшін 2004 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Сәрсенбі күні өткен сауда барысында WTI мұнайының бір баррелінің бағасы 26,19 долларға дейін түскен, бұл әр галлон үшін 62 центке сәйкес келеді.
Сүт фьючерстері 100 фунт үшін (фунт – 453,6 грамм) 13,74 доллар деңгейінде, немесе бір галлон үшін 1,18 долларға сатылған.

Талқылау