Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

“Ол үшін суреттер мен видеоны "Бір рет көру" опциясының көмегімен жіберу керек. Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі”, – деп хабарлайды компания өкілдері.

Осыған ұқсас функция Instagram желісінде де бар: қолданушы өзіне жолданған суретті немесе видеоны қарау үшін батырманы басуы қажет. Көріп болғаннан кейін ол ашылмайды.

Десе де, компания қолданушылар өздігінен жойылатын фото-видеоны скринрекордердің көмегімен жазып алуы мүмкін екенін ескертті.

"Бір рет көру" опциясы жақын арада жаңаратын мессенджерде қолжетімді болады.

Талқылау