Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Whatsapp-пен” қайын сіңлісін балағаттаған құлсарылық келіншек айыппұл төлейтін болды

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзған Құлсары қаласының тұрғыны, азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

20161001091927

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы С. өзінің қайын сіңлісі, азаматша Ж.-ны “Whatsapp” желісі арқылы балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер жазып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот барысында азаматша С. кінәсін толық мойындап, істеген әрекеттері үшін өкінетіндігін айтты.

Сот қаулысымен азаматша С. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 210 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда жасөспірім баласы әлеуметтік желіге тіркелген ата-ана айыппұл төлейді

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Ары мазалаған қазақстандық азамат Аружан Саинға ерекше өтінішпен келді

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Талқылау