Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp мессенджерінде тараған ірі айыппұлға қатысты ІІМ пікір білдірді 

ІІД желіде тараған ірі айыппұлға қатысты пікір білдірді. Хабарламада тыйым салынған жерден өтетін жаяу жүргіншілерге 70 мың теңге айыппұл салынатыны жазылған.

Фото: Irade CEL

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина Facebook парақшасында желіде жарияланған ірі айыппұл жайлы айтты.

Ирина Лукьянинаның айтуынша, желіде тараған ақпарат жалған. Онда айтылғандай жаяу жүргіншілерге ірі көлемде айыппұл салынбайды. Тек екі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ол 4810 теңгеге тең. Қозғалысқа қатысушылардың заң бұзушылықтарын алдын-алу мақсатындағы жұмыстарды жол полициясының қызметкерлері тұрақты негізде жүзеге асыруда.

Баспасөз хатшысы жаяу жүргіншілердің кесірінен болған жол апатын атап өтті.

“Әрбір екінші жол апаты жаяу жүргіншілердің кесірінен болады. Жыл басынан бері осындай 540 жол апаты болды. 115 адам көз жұмды. 450 адам жарақат алды. Көп апат Алматы қаласында (+300%),  Қарағанды (+133%) және Алматы облысында (+37%) болады”, – дейді ол.

Жаяу жүргіншелер әдетте тыйым салынған жерден жолдың арғы бетіне өппек болады. Немесе бағдаршам қызыл түс жанып тұрғанда жүреді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау