Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Whatsapp қосымшасында дөрекі хабарлама қалдырған әйелге қатысты сот үкімі шықты

Қазақстандық әйелге қатысты шыққан сот шешімін Жоғарғы соттың баспасөз-хатшысы Болат Қалиянбеков Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

WhatsApp-та жарнама көрсетілмекші

“Наурыз бен мамыр айында алғашқы және апелляциялық инстанцияның соттары әйелді қылмыстық құқықты бұзбады деп ақтап алған еді. Жоғарғы сот бас прокурордың шағымына байланысты істі қайта қарап, қабылданған сот актілерін өзгеріссіз қалдырды”, — дейді Болат Қалиянбеков.

Жоғарғы сот берген ақпарат бойынша, Whatsapp қосымшасындағы ата-аналардың тобында Пішенбаева түсініксіз сөз қалдырған. Күдікті әйел әдейілеп жаман жазба қалдырды деп ойлауға негіз жоқ. Оның үстіне, Пішенбаева хабарламаны бірден өшіріп, байқамай жіберіп қойғаны үшін кешірім сұраған.

“Кінәсіздіктің анық-қанығына көз жеткізіп сот дәлелді шешім шығарды. Әріптерден құралған түсініксіз сөзді жеке айыптаушыға тіл тигізу мақсатында жазылған деп таппады”, — деп жазылған баспасөз-хатшысының хабарламасында.

Талқылау