Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp барлық ақпараттарды құпиялап тастамақ

Енді WhatsApp мессенджерін қолданушылардың барлық хабарламалары шифрланады. Демек, бір адамнан екінші адамға жөнелтілген хабарлама құпия күйде сақталмақ.

9056569

Сурет РИА Новости

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Идея өте қарапйым: сіз хабарлама жіберген кезде оны қабылдаушы адам немесе топ қана оқи алады. Өзге ешкім хабарламаның ішіне кіре алмайды. Хакерлер де, киберқылмыскерлер де. Тіпті біз де. Бұл мессенджердегі қауіпсіздікті арттырады”, – делінген WhatsApp-тың ресми блогында жарияланған хабарламада.

2014 жылдан бастап шифрлау қызметі тек жекелеген мәтіндік хабарламаларға қолданылатын. Ал дыбыстық хабарлама, сурет, бейне файлар жіберу еш қорғалмаған еді. Енді хабарламаның барлық түрі және ақпараттық топтар осылайша сақтандырылып отыр.

“Енді сіз жіберген барлық хабарлама, сурет, бейне, файл немесе дыбыстық жазу үнсіз келісім негізінде шифрланады. Әрине, бұл біздің қосымшаның соңғы нұсқасын жүктеп алсаңыз ғана жүзеге асады”, – деп жазады WhatsApp негізін салушылардың бірі Ян Кум өзінің Фейсбуктағы парақшасында.

Наурыз айының ортасында АҚШ билігі WhatsApp қосымшасының құпия ақпараттарына қолжеткізгісі келетіні туралы ақпарат шыққан еді. Кейін WhatsApp төңірегіндегі дау америкалық әділет министрлігінің Apple компаниясынан Сан-Бернардинодағы терроршы айфонының бұғатын ажыратып беру жөніндегі талабына дейін жалғасқан еді.

Талқылау