Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WBO-ның жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

WBO нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.

WBO-ның жаңа чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өз сөзінде Андраде қызбалық танытып, бейәдеп сөзге жол берді. Ол Головкин жеңілгісі келсе, мұндай мүмкіндік болатынын айтты.

Еске сала кетсек, Деметриус Андраде намибиялық Уолтер Каутондоквумен жекпе-жек өткізіп, WBO белбеуін иеленген еді.

Деметриус бұған дейін де Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтқан. Алайда ол кезде Головкинде WBA Super, WBC, IBF және IBO-ның чемпиондық белбеулері болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау