Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WBC таяуда Головкиннің келесі қарсыласын жариялайды

Дүниежүзілік бокс кеңесі өз Твиттерінде таяу уақытта орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкиннің келесі қарсыласын жариялайтынын мәлімдеді.original_051788ee3dea4ba009b893bc9c7ce78f

Бұған дейін Головкиннің Туреано Джонсонмен кездесуі мүмкін деген де қауесет шыққан еді. Енді жақын күндері бұл мәселеге қатысты нақты шешім де шығатын секілді.

“Біздің ұлы чемпионымыз Генадий Головкиннің келесі жекпе-жегін жуырда жариялаймыз”, – деп жазылған Твиттер желісіндегі WBC хабарламасында.

Еске сала кетсек, 33 жастағы қазақстандық кәсіпқой рингтегі 34 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтаған. Келесі кездесуін 23 сәуірде өткізуі тиіс.

34

Талқылау