Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WBC президенті Альварестің Головкинге қарсы қай кезде шығатынын айтты

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сүлейман WBC тұжырымында әлемнің уақытша чемпионы деген атақтың иегері қазақстандық Генадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареске қарсы қашан шаршы алаңға шығатынын айтты.

photo_75653

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ұйымның жарғысына сай қос боксшы бір-бірімен жұдырықтасуға міндетті.

“Екі тарап арнайы келісім жасасқан. 7 мамырдан қос боксердің де бір-бірімен болатын кездесу жайлы ойлануға тура бір ай уақыттары бар. Егер, олар өзара келісімге келе алмаса, онда біз промоутерлік сауда ұйымдастыруға мәжбүр боламыз”, – деді Сүлейман.

“Бұл бұрыннан қарастырылып келе жатқан мәселе. Чемпиондар да бір-бірімен ортақ ережеге бағына отырып кездесуі тиіс. Серхио Мартинеспен өткен жекпе-жектен соң Мигель Котто Головкинмен қолғап түйістіруге келіскен. Кейінірек, Генадий оның Альвареспен кездесуіне рұқсат етті. Ол жекпе-жекте Альварес жеңді. Біз енді 7 мамырды күтуіміз керек. Осыдан соң барып Альварес және Хан арасындағы жеңімпазбен кездесу ұйымдастыруға кірісеміз”, – деді WBC ұйымының президенті.

Ал WBA басшысы Хильберто Мендос болса Головкин-Альварес кездесуі болмаса, онда қазақстандықты қазіргі чемпион Даниэл Джейкобспен кездесуге міндеттейтінін айтты.

24 сәуір күні Генадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізіп, 35 кездесуде 35-ші жеңісіне қол жеткізген еді.

Талқылау