Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдік БАҚ қазақстандық алмалардың таңғажайып дәмі турасында жазды

ВВС Future Қазақстанның жаңғақ дәмдес алмасы туралы «Алмалы қазына» атты мақала жариялады. Журналистің айтуынша, экзотикалық әрі дәмі тіл үйірер бұл алма сұрпы әлемдік нарыққа түсуі мүмкін.

160603123846_apple_hands_624x351_getty_nocredit

Сурет: aport-tv.kz 

1990 жылдары АҚШ-тың ауылшаруашылық министрлігінің агрономы Фил Форслайн Қазақстанға бірнеше рет келген екен. Ол Қазақстанда өздері дүкеннен алып жүрген алмалардың бұрынғы түрлері өсетенін айтады.

«Біз автобусармен, өзге де көліктермен ұзақ жол жүретінбіз. Үнемі түнгі 3-терде баратын болған соң ол кезде дала қараңғы болатын. Ал, таңғы сағат 6-да қайта тұрып, жеміс теруіміз керек болды», – деп еске алады ол.

Ғалымдар алманың тұқымын көптеп алуға тырысатын. Зерттеу барысында әрбір тұқымының дәмін татып, құрамын, түсі мен дәмін және қай жерден табылғанын жазып отыратын.

Олар өзімен бірге карта алып жүріп, алманың табылған аймағын сонда жазып отырған.

«Бір сәтте біз жұмақ бағына түскендей болдық. Өйткені көлемі 25 см-ден 75 см-ге дейінге әр түрлі алмалары бар ағаштарды көрдік. Және олардың әрқайсысының дәмі әр түрлі болатын», – дейді Форслайн.

Кейбіреулері дәмсіз, қышқыл болған. Бірақ көп жағдайда алмалардың бәрі дәмді, қазір дүкеннен жеп жүрген алмалар болыпты.

Ол тіпті алмаларың арасында жаңғақ дәмдестері де болған. Және анис, мия дәмдерімен де алмалар кездескенін айтады.

Қазақстандық алмалардың дәмін татып көрген өзге де селекционерлер алмалардың дәмі балға, жидекке ұқсайтынын айтқан.

Әр тұқымның гендік коды аралар арқылы тозаңданып өсуімен анықталған. Соның нәтижесінде алмалар дәмі тіл үйірердей болып келеді.

Қазақстандағы бақтарға АҚШ-тың министрлік өкілдері ғана емес, 2010 жылы графты титулды иеленген британдық Джон Сельборн да келген. Ол 40 жыл бойы Хэмпшир ағылшын патшалығында алма бағын өсірген. Джон Алматыға жақын маңдағы Тянь-Шань тауын аралаған.

«Мұнда таңғажайып құбылыстар бар. Бақта алма ағаштары көп. Тіпті, ағаштарыдң нығыз өскені соншалық, аяғыңды алып жүру мүмкін емес», – дейді ол.

Селброн кейбір ағаштардың өзге некроз, қотыр ауруларымен ауыратын ағаштар секілді ауырмайтынын, ал кейбірінің паразитті құрғақ жерлерде өсетінінін байқаған.

«Кейбір алма ағаштары құрғақшылыққа төзімді келеді. Бұл оның өте пайдалы жағы», – дейді ол.

Осылайша әр елдің бақташылары алмаларды жеп қана қоймай, қуаңшылық пен түрлі ауруларға қарсы қолдануға болатынын айтады.

АҚШ-тың ауылшаруашылық министрлігінде мың шақты ағаштан 130 мың тұқым алынған.

Қазір ол Женева қаласында гендік банкада сақталған. Ол арқылы әлем елдерінің ғалымдары еркін зерртеу жүргізіп, Қазақстан алмасы жайында талқылай алады.

Талқылау