Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Вологда” әнінің қазақша нұсқасы пайда болды

Ғаламторда кеңес кезінде хитке айналған “Вологда” әнінің қазақша нұсқасы пайда болды. Кезінде “Песняры” ансамблі орындаған орысша әннің ана тіліміздегі аудармасы қарағандылық бойжеткенге арналыпты.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жетпісінші жылдары хит болған әннің ана тіліміздегі нұсқасын экс-депутат Айгүл Соловьева өзінің әлеуметтік парақшасында жариялапты. “Қайдасың жаным?” деген қазақша әнді өзге ұлт өкілдерінен құралған ансамбль орындайды. Ғаламтор арқылы лезде тарап кеткен ән Қарағандыдағы бойжеткенге арналған. Ал костюм киіп тұрған музыканттардың арт жағында Майкл Джексон сияқты атақты әншілердің портреті ілінгені де бірден назарға ілінеді.

Талқылау