Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Владимир Путин Қазақстан тумасы полковник Серік Сұлтанғабиевті марапаттады

Бүгін РФ Президенті Владимир Путин Кремльде көзге түскен ресейліктерге мемлекеттік наградалар ұсынды.

10481234

Олардың ішінде Геннадий Хазанов, Никита Михалков, Юрий Соломин, Дмитрий Хворостовский, Жорес Алферов, Леонид Бокерия бар.

Шарада «Отан алдындағы еңбегі үшін», Александра Невский, Ерлік, Құрмет және Достық үшін ордендері, медальдар мен төс белгілер табысталды.

Марапатталғандардың ішінде Ресей Федерациясының Батыры атағының иегері бар. Ғарышкер Сергей Рязанский құрмет титулына Халықаралық ғарыш стансасында көп уақытқа созылған ұшуы кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін лайық деп танылды. Ал полковник Серік Сұлтанғабиев – әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін марапатталды. Ол 2014 жылы оқу-жаттығу шаралары кезінде әскериді граната жарылысынан құтқарды.

“Ұзаққа созылған ғарыш экспедициялары қатысушылардан сабырлықты, рухани күш пен ерлікті талап етеді. Мұндай шара – бұл ерлік, аса үлкен қауіп. Осындай ұзақ ұшуда міндетін сәтті орындағаны үшін Ресей Батыры атағына Сергей Николаевич Рязанский лайық деп танылды”, – деді РФ президенті.

Талқылау