Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Владимир Путин Алтай мемлекеттік университетіне түсу үшін құжат тапсырды

Алтай өңіріндегі классикалық университеттің қабылдау комиссиясына Ресей президентінің толық аттасынан өтініш түскен.

326319_size2

Сурет amic.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Талапкер Владимир Владимирович Путин АлтМУ Бұқаралық байланыс, филология және саясаттану факультетінің филология және журналистика бағытына құжат тапсырды, деп хабарлайды.

Қазіргі уақытта ол талапкер – филологтар арасында 9 орында, ал журналистер арасында 18 орында тұр.

4e1b102ddd9d5f59377d7690d90daf4e__1440x

Сурет life.ru

26 шілдеге дейін АлтМУ бакалавр бағытына құжат қабылдайды. Осы аралықта оқуға түсу үшін аттестаттың түпнұсқасын өткізу қажет. Әзірге талапкер Путин орта білімі туралы аттестат көшірмесін ғана өткізді. Орыс тілі бойынша 93 балл жинағанына қарағанда, Владимир Владимировичтің АлтМУ студенті атануға мүмкіндігі жетерлік.

Талқылау