Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“ВКонтакте” пайдаланатын 77 жастағы ақтөбелік зейнеткер 170 мың теңгесінен айырылып қалған

77 жастағы ақтөбелік зейнеткер алаяқтардың құрбанына айналды. Егде әйел өзіне құндыз тон сатып алмақшы болыпты.

index

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіні белсенді түрде пайдаланатын әйел “ВКонтакте” арқылы бір қызбен танысады. Зұлым ойлы қыз әжейге 170 мың теңгенің құндыз тонын ұсынады. Әлгі қыз мұндай тондардың арнаулы дүкендерде бағасы 300 мың теңгеден асатынын, ал өзінің әлдеқайда төмен бағаға ұсынып отырғанына сендірген.

Зейнеткерге ұсыныс ұнап қалып, қыздың QIWI-әмиянына ақша жіберуге келіседі. Ірі көлемдегі ақшаны әжей 12 тамыз күні жіберген. Алайда әлі күнге дейін тауарды алмапты. Ақыры қымбат киімге қолы жетпеген әжей, қыркүйек айының басында алаяқтардың құрбанына айналғанын айтып полцияға шағым түсіріп қойыпты. Енді бұл істі тәртіп сақшылары зерттемек.

Талқылау