Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Визажист жігіт: Боянып жүрсем, ол менің “қызтеке” екенімді білдірмейді

Бүгінде қыздардың бетін әрлеп жүрген визажист жігіттер көп. Солардың бірі – Асылжан Болат бұл істі бастамас бұрын қорыққанын айтады. Әрі жақындары оның бет әрлеуші болғанына түбегейлі қарсы болыпты.

Визажист жігіт: Боянып жүрсем, ол менің "қызтеке" екенімді білдірмейді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бізде ер балалар қорқады. Әрине, бастаған кезде менде де қорқыныш болды. Үй-ішім де қарсы болды. – Ол әйелдің тірлігі, – деген сияқты сөздерден қорқады. Ұят деген нәрсе бар бізде. Сол бізді тұншықтыра береді. Оған қарамастан, адам өзінің қалаған нәрсесімен айналысуы керек деп ойлаймын”, – дейді визажист.

Десе де, Асылжанның отбасы оның бұл қызметіне ақыры көндіккен ұқсайды.

“Жақындарым менің қандай екенімді біледі. Мен боянып жүрсем, осылай киініп жүрсем, имиджім осындай болса, ол менің “гей” екенімді білдірмейді”, – дейді ол.

Бет әрлеуші жігіт бояуға қанша ақша кететінін де жасырмай айтты.
“200 мыңдай кетеді”, – дейді Асылжан Болат.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау