Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Виталий Кличко әйелі туралы сұраған журналист қыздың бетінен сүйіп алды (видео)

Киев қаласының мэрі, танымал боксшы Виталий Кличко әйелі туралы ыңғайсыз сауал қойған журналистің бетінен сүйіп алды.

1111

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Футболдан өтіп жатқан Европа чемпионаты аясында кездескен Украина-Германия матчынан соң танымал боксшы кездесуге баға берген. Алайда өз әйелі туралы қойылған сұрақтан қашқақтапты. Ол матчта тек өзі ғана болғанын айтқан.

“Мен жалғыз өзім болдым. Әйелінің қайда, не істеп жатқаны тек менің ғана шаруам. Ол бүкіл әлемді кезіп саяхаттаса да болады”, – деді ол.

Ал әйелінің Германияда үнтаспа шығарғанын, оны боксшының тыңдағанын сұраған сауалға да жауап бермейді жөн деп тапқан.

“Мен сізді сүйсем бола ма? Сізді қатты сүйгім келіп тұр”, – деп ақыры тілшіні жауапсыз қалдырып кеткен.

Еске сала кетсек, 42 жастағы Виталий Кличко 42 жастағы бұрынғы спортшы, фотомодель Наталья Егороваға үйлегенген. Ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп отыр.

Талқылау