Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Винокуров Дубайда «алтын» велосипедін көпшілікке таныстырды (фото)

“Тур де Франс” көпкүндігінің бірнеше мәрте жеңімпазы, Лондон олимпиадасы алтынының иегері қазақстандық велоспортшы Александр Винокуров Дубайда өзінің “алтын” велосипедін таныстырды. Ол бұл жайлы өзінің инстаграмдағы парақшасында хабардар етті.

Привёз в Дубай свой “золотой” Vino-bike! Оснащённый по последнему слову техники, велосипед выполнен в “золотом” обрамлении с красивым казахским орнаментом – полностью ручная работа. Велосипед выполнен в престижной лимитированной серии, посвящённой золотой медали в Лондоне. Первый такой велосипед был продан в целях благотворительности для помощи детям-сиротам. Обладать таким велосипедом – это знак особого престижа. @proteamastana @kcf.kz

Фото опубликовано Alexandr Vinokurov (@alexandrvinokurov)

“Дубайға “алтын” Vino-bike-ты алып келдім. Соңғы техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған велосипед “алтынмен де” көмкерілген. Сондай-ақ, мұнда қазақы ою-өрнек те салынған. Бұл Лондондағы алтын жүлденің құрметіне шығарылып отыр. Осындай алғашқы велосипед жетім балаларға көмектесу мақсатында қайырымдылық шарасында сатылған еді”, – деп жазады чемпион.

photo_61958Tinytowns01

Талқылау