Вильнюсте Трамп пен Путин сүйісіп тұрған граффити салынды

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 10:33

Литва астанасы – Вильнюс қаласындағы қабырғалардың біріне АҚШ-та президенттік сайлауға түсіп жатқан Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің сүйісіп тұрғанын бейнелеген графитти жанрындағы сурет салынған.

16-05-16-graffiti

Сурет қаланың ескі аймағындағы кафелердің біріне салыныпты. Соған қарамастан қырағы көзге іліккен ерекше сурет әлеуметтік желі арқылы әлемнің әр түкпіріне лезде тарап кетті. Путин мен Трампқа арнап салынған бұл графитти бір кездері Кеңес Одағын басқарған Леонид Брежнев пен ГДР басшысы Эрик Хонеккерді еске түсіреді. Олардың 1979 жылы кездескен сәттері Берлин қабырғасына графитти пішінінде таңбаланған болатын.

“Біз бұл кейіпкерлерден (Путин мен Трамп) өзара ұқсастықты байқаймыз. Олар екеуі де өзімшіл. Бірақ, бір-бірінің тілін тез тауып та кете алады”, – деп пікір білдірді Keule Ruke америкалық асхана егелерінің бірі Доминик Чечкаускас.

Әзірге бұл суреттің не мақсатпен әрі кімдер салып кеткені белгісіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар