Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вильнюс соты Сырым Шалабаевты босатты

Вильнюс аудандық  соты  БТА Банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың қайнысын  босатты. Сырым Шалабаевты Қазақстан мен Украина Литвадан өздеріне қайтаруды сұраған болатын. Шалабаев  Әбілязов  және өзге де азаматтармен бірлесе отырып миллиардтаған доллардың мүлкін қолды етті деп күдіктелуде.

1438235963_pogudx3ia3clagqg4.fb6e41aa

Бұл туралы  литвалық  Delfi ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Басылымның айтуы бойынша ,сот төрешісі Виталия Норкунайт  Шалабаевты экстрадициялау мәселесі Литва оған босқын  мәртебесін бергенде ғана қаралатынын айтқан. Судя  « Тағылған айыпты жоққа шығарып, тез арада босатылсын» деген үкім шығарған. Осыған дейін сот ісіті жабық есік жағдайында қараған еді. Сотталушы Литва билігінен босқын мәртебесін беруді  сұраған.

Сырым Шалабаев екі жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Осы жылдың шілдесінде литвалық шенділердің араласуымен ұсталған. Екі жылдан астам уақыт бұрын Ұлыбритания соты  Шалабаевқа 18 ай қамауда отыруға үкім еткен болатын. Ол осы шешімді орындамау үшін құқықтық орган қызметкерлерінен бой тасалап жүрген . Сол үшін және Украинаның сұрауы бойынша  Интерпол Шалабаевқа іздеу салған еді.

Сырым Шалабаевқа  өзінің әпкесінің күйеуі, БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов, тағыда бірнеше азаматпен бірге Украина, Ресей, Қазақстанда миллиардтаған доллардың затын қолды етті деген айып тағылып, оған іздеу жарияланған еді. Интерполға шағым түсірген Украинаның сұрауы бойынша Шалабаев осы жылдың жазында Вильнюсте  ұсталып, қамауға алынған болатын.

Талқылау