Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вилли Монро: «Канело» Головкинді жеңеді деп ойлаймын»

Орта салмақтағы әлім чемпионы титулына бұрынғы үміткер, американдық кіші Вилли Монро қазақстандық Геннадий Головкин мен Мексика боксшысы Сауль «Канело» Альварестің арасында күтіліп отырған жекпе-жекте басымдықты соңғысына беріп отыр, деп жазады sports.kz.

monroe-willie_2015_03_16

 

«Головкиннің күші мол әрі сені қайда және қалай соғу керектігін жақсы біледі. Айқас  алдында маған оның екі бүйірден қатты соққылайтыны туралы айтқан болатын. Ол менің көп қозғалатынымды білген, сондықтан оған мені жылдамдықтан айыру ғана қажет еді. Үшінші раундта мен оң жақ аяғымды сезінуден айырылдым. Ал «Канеломен» жұдырықтасуға келетін болсақ, Головкинге қарсы айтар сөзім жоқ, ол – тамаша боксшы, бірақ мен «Канело» жеңеді деп ойлаймын. Головкин орташа  қашықтықта соққылайтын боксшы болып табылады. Ал жақын қашықтықта «Канело» аса мықты, оның қорғаныс дағдылары да тамаша», – дейді Монро.

 

Талқылау