Жүктілік кезінде білді: Күйеуі опасыздық жасап, әйеліне АИВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған

Бейсенбі, 15 Ақпан , 2018 10:53

Соңғы бір жылдың ішінде Қазақстанда АИВ инфекциясына 3 мыңға жуық адам шалдықты. Көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Дегенмен ел арасында өзінің науқас екенін білмейтіндер де болуы мүмкін. Ал ауырып жүргендердің басым дені тіс емханасы мен сұлулық салондарынан жұқтырғандарын айтады.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Лариса АИВ-ге шалдыққанын екінші жүктілігі кезінде білген. Опасыздық жасады деген күдікпен күйеуімен ажырасқан келіншек бұл өкініші туралы ешкімге тіс жармаған. Ішіне сыймаған күні автокөлік жуу салонында бірге жұмыс істейтін құрбысына жан сырын ақтарған.

«Екеуміз бірге отырып жалыдақ, ол мені аяды. Ал 2-3 күннен кейін басшылық шақырып алып: «Лариса, науқас екенсің, сені мұнда ұстай алмаймыз, деді», – деп еске алады келіншек.

Бұдан кейін Лариса бір жыл жұмыссыз жүрген. АИВ қол алысқаннан, бір ыдысты немесе дәретхананы пайдаланғаннан жұқпайтынын айтып түсіндіре алмадым, деп ашынды жас ана.

«Жалпы кей мекемелер науқастан ештеңе талап етпеуі керек, себебі бұйрықта ол көрсетілмеген», – дейді СПИД-ке қарсы кұрес орталығының бөлім меңгерушісі Нағима Түлекбаева.

Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, Қазақстанда орташа есеппен АИВ-ге шалдықанны белгілі болған адамдардың 27 % жұмыстан қуылған. Әсіресе, Алматы, Павлодар мен Қостанайда дертке душар болған жандар қатары көбейген. Бір қызығы, АИВ-ге шалдыққан ерлерге көп жерде түсіністікпен қарайтын көрінеді.

Алайда АИВ-ге шалдыққан адамдар жасырынған сайын, оның таралу қаупі жоғарылай түседі. Мәселен, желтоқсан айында дәрігерлер ауруға душар болған 280 адам жайлы хабарлады. Бүгінде елімізде бас-аяғы үш мыңға жуық жан АИВ-мен ауырады. Науқастардың басым дені ауруды жыныстық жолмен емес, тіс дәрігері мен маникюр салондарында жұқтырғанын айтады.

«Ондағы шкафқа мән бердіңіздер ме? Көк түс жанып жанып тұр, демек тазартып тұрады деп ойлайсыз. Бірақ бұл бос сөз. Құрылғы құрғақ әрі 180 градус температурадағы шкафта тазаланады», – дейді «Стоматологиялық бірлестік» емдеу жұмысы бойынша директоры Раушан Жаманова.

Жіберіп алмаңыз:

Тауық етінің адам ағзасына зияны анықталды

Таңғы уақытта көретін түстен неге қорқамыз

Қазақстандық әйел қатерлі дертке шалдыққандарды қолдау үшін шашын тақырлап тастады (видео)

Ғалымдар парацетамол дәрісінің қандай қаупі бар екенін тізіп берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар