Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр жаңа жәрдемақының қанша теңге болатынын айтты

Кәмелетке толған, бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға ай сайын 29 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленетінін болды. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

Бұрын бұл жәрдемақы тек кәмелетке толмаған баласы бар отбасы алатын еді.

“Бүгінде елімізде мүгедек баласы 77 мыңдай отбасы ай сайын 29 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып отыр. Ол жәрдемақы 18 жасқа дейін төленеді. Ал енді шілдеден бастап Елбасының тапсырмасымен кәмелетке толған бірінші топтағы мүгедектер үшін бұл төлем жалғаса береді. Жәрдемақы көлемі сол шамада қалады. Қосымша мемлекеттік жәрдемақыны 14 мың отбасы алатын болады”, — деді Жақыпова.

Оның айтуынша, жаңа жәрдемақы тек бірінші топтағы мүгедектерге ғана төленеді, қалған топтағы мүгедектер қамтылмаған.

“Егер мүгедектік мерзімі өмір бойына белгіленсе, жәрдемақы да өмір бойы төленеді. Ал 5-6 жыл болса, онда тиісінше төлем мерзімі де соған сай белгіленеді. Бірақ, өкінішке қарай, бала кезінен мүгедектер өмір бойы жарымжан болып қалады. Сондықтан төлем де өмір бойы төленеді”, — деді вице-министр.

Тағы оқыңыз:

Көмектесудің орнына видеоға түсірген: Астаналық жігіттердің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Астанада қатты боран университеттің шатырын жұлып әкетті

Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды

Қазақстанда көлік ережесіне айыппұлдың 5 жаңа түрі енгізілді

Талқылау