Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібі қандай болатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа аттестациялау жүйесін енгізуге байланысты, мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта біліктілікті растаудың жаңа жүйесі әзірленіп жатыр.

Жаңа жүйе екі кезеңнен құралады. Алдымен педагогтар ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Одан кейін педагог қызметінің кешенді қорытындысы жүргізіледі. Осылайша, өз біліктілігін дәлелдеген мұғалімнің еңбекақысы 20-50% аралығында көбейеді.

Өткен және алдыңғы жылдары өз біліктіліктерін растаған мамандар үшін үстемеақының ескі жүйесі сақталатын болады.

«Қазіргі заңнамаға сәйкес, бұл біліктіліктер 5 жылға дейін жарамды және заңды ешкім өзгертпейді. Сондықтан, барлық ескі санаттар мен оларға тағайындалған үстемеақылар сақталады», – деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, мұғалімдер өз қалауымен жаңа жүйеге сәйкес біліктіліктерін көтеріп, жаңа кесте бойынша үстеме ақы алуына мүмкіндік бар.

Еске сала кетсек, ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес, 2018 жылы ұлттық біліктілік тестін енгізу жоспарланған.

Тағы оқыңыз:

Вице-министр: Мұғалімдер смартфон арқылы баға қояды

WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты

Министр: Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы

 

Талқылау