Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұғалімдер смартфон арқылы баға қояды

Алдағы уақытта мұғалімдер бағаны электронды күнделікке қояды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің баға қою жұмысын жеңілдету үшін мобильді қосымшасын шығаруды ойластыруда. Бұл тураалы вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Электрондық журналдар мұғалімдердің жүктемесін азайту мақсатында енгізіледі.

“Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Алматы қаласында сыналып жатыр. Әйтсе де, электронды журналды толтырудың қағаз журналды қоса толтыруды қажет етпейтінін қанша жазсақ та, кей мектептерде қос журналды қатар толтыру жағдайлары кездескен. Сол себепті, ҚР БҒМ Бұйрығына кең жолақты интернет қолжетімді болса, білім беру ұйымы журналды тек қана электронды түрде жүргізеді деген өзгеріс енгіздік”, – деді Асхат Аймағамбетов баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта министрлік мобильді қосымша жасау және мектептердегі Интернет сапасын жақсарту мәселелерін шешуде.

Вице-министр мобильдік қосымшалар көктемде дайын болатынын айтты.

“Электронды журналды оңай пайдалану үшін мобильді қосымшаның болуы маңызды. Сынамалы жобалар қосымшалардың мұғалімдерге өте ыңғайлы екенін көрсетті. Осылайша, мұғалімдер мобильдік құрылғылары арқылы оқушыларға баға қояды”, – дейді ол.

Тағы оқыңыз:

WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты

Министр: Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы

Қарағандыда тыйым салынған террористік ұйымға кіріп кеткен әйел соталуда

Талқылау