Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр қазақстандықтардың қымбат тариф қолданып жүргенін айтты

Инвестиция және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов қазақстандықтардың өз жалқаулықтарының кесірінен ақшасын далаға шашып жатқанын айтады. Оның айтуынша, көпшілік ескі бағалардағы тарифтерді қолдануда.

1391538758__dsc1042-hero_large_verge_medium_landscape

Бұл туралы Орталық Коммуникация қызметі брифингінде хабарлады.

Қазақстанда әрбір үшінші телефон иесі ұялы байланыс арқылы сөйлескені үшін ақша төлейді.Телефон байланыстары бәсекеге өте қабілетті. Қазір байланыс минуты 3 теңге тұрады, – деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол мобильді операторлар өз клиенттеріне айына 1000 теңге төлеп, желі ішінше қалағанынша сөйлесе алатынын айтты. Өзге байланыстарға қосымша 100 минут  тегін берілетінін де ескертті.

“Бұлар өте қолайлы тарифтер. Алайда, қазақстандықтардың 30 пайызы тарифтік жоспарларын ауыстырмаған. Олар баяғы 2011 жылғы қымбат таифтерді қолданып келеді”, – деді Сәрсенов.

Жуырда байланыс жөніндегі заңға түзетулер енгізілген. Жаңа жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік сертификаты берілмекші. Соған байланысты, әлеуметтік желілерде ғаламтор пайдаланушыларының жойылатыны жайлы дау болған. Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, заңның жаңа талаптары https-трафигін өндіруші-контенттерге қатысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, құпиялық туралы еш алаңдамауларын, ол Атазаңымыз бойынша қорғалатынын ескертті. Ғаламтор жүйесі де бұрынғыша жұмыс істей беретінін қадап айтты.

Талқылау