Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр қазақстандықтардың қанша зейнетақы алатынын есептеп берді

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова еліміздегі зейнетақы жүйесіне қатысты желілерде айтылып жатқан сыни пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Вице-министр қазақстандықтардың қанша зейнетақы алатынын есептеп берді

Сурет: inform.kz

Өз сөзінде вице-министр ең төменгі жалақыдан кейін зейнетке шыққан қазақстандықтардың қанша жалақы алатынын есептеп берді.

«Мәселен, жұмысшының келісімшартында бір минималды жалақыдан (28 284 теңге – биылғы көрсеткіш) зейнетақы жарнасын аудару туралы жазылса, онда ай сайын зейнетақы қорына 2 824 теңге түсіп тұрады. 33 жылда 1 118 304 теңге жиналады. Мемлекет ол адамның зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысқанын ескере отырып, базалық зейнетақының толық мөлшерін – 28 мың теңгені төлеп отырады», – дейді Светлана Жақыпова.

Оның сөзінше, азамат шамамен 400 ай ішінде зейнетақы қорына 1 миллион 100 мың теңгеге жуық ақша салады.

«Сонда он жылда бюджеттен 3 миллионнан астам ақша бөлінеді. Ал оның өзі жинаған ақшаның көлемі 1 миллионның шамасында. Сонда мемлекет xалықты тонап отыр ма? Жоқ, әлде, керісінше, жағдай жасап отыр ма?» – дейді вице-министр.

Сонымен қатар вице-министр желіде тараған көлік пен пәтер сатудан зейнетақы жарнасы ұсталатыны туралы қауесетті жоққа шығарды.

«Қазір әлеуметтік желілерде қарасам, «көлік пен пәтер сатудан зейнетақы жарнасын ұстайды» деп жазып жатыр. Олай емес. Ондай табыстан зейнетақы жарналары ұсталмайды. Сіздер жұмыс істеу немесе қызмет көрсету арқылы табыс тапсаңыз ғана зейнетақы жарнасы ұсталады. Қазір жұмыс берушілер ондай келісімшарттарды жасайды да, зейнетақы жарналарын төлемей жүреді», – ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау